***
Бүгін «Айқын» республикалық газеті «Оюмен ой айтқан елміз» атты мақала жариялап отыр. «Қазақ ұлттық ою өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 5-3 ғасырлар аралығында Алтай өңірінен Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанған түркі халықтарының байырғы сақтар әлемдегі мәдени өмірде өнердің өшпес асыл мұраларын қалдырған. Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан «Аңдабы мәнер» деп ат берген екен. Бұл туралы толығырақ «Айқын» газетінің бүгінгі санынан оқи аласыздар.
Сондай-ақ, «Айқын» газетінің хабарлауынша, «Алтынқұрық» ЖШС жол-құрылыс компаниясы бүгінгі таңда Мұнайлы ауданының Баянды ауылына асфальт жол салуды қолға алып, қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Басылымның ақпаратына сүйенсек, ұзындығы 10 шақырымды алатын жолдың құрылысына облыстық қазынадан 909 млн теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілген. Осылайша, жолдың 7,7 шақырымы төселген. Енді қалған бөлігіне 250 млн. қаржы қарастырылса, жол құрылысы толықтай аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылады. Алдағы уақытта Баянды ауылын орталықпен жалғастыратын тақтайдай, теп-тегіс асфальт жолдың сапасын Германиядан арнайы келген инженер, сарапшы-маман Эрвин Флейшер бақылауға алған. Өңірде 2003 жылдан бері жол құры¬лысымен айналысып келе жатқан мекеме соңғы заманауи жабдықтармен жабдық¬талған. Аймақта алғашқы болып, ком¬пания «Автоматтандырылған Топкон 3 D нивелирлеу жүйесін» енгізген. Аталмыш құрылғы жолдың негізгі қабаттарын компьютер арқылы 1 мм дәлдікпен салады. Соның нәтижесінде жұмыстың өнімділігі артып отыр. Бұл туралы толығырақ «Ақтау-Баянды тас жолының құрылысы қарқынды» атты мақаладан оқи аласыздар.
***
«Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында медициналық сақтандыру бағдарламасы туралы жазып отыр. Бағдарламаның мақсаты адам денсаулығына мұқият қарау мүмкіндігін арттыру. Басылым Батыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау басқармасының осы бағыттағы жұмысын баяндап отыр. «Ұлт Жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) енгізу болатын, 100 нақты қадамның 80-ші қадамында оның мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Яғни, осы үш тұғыр жауапкершілікті тең көтермек. Тоқетерін айтқанда, МӘМС дәл осы қағидат негізінде орнықпақ. Сондай-ақ, жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмек¬ті бірінші кезекте қаржыландыруға басым¬дық бермек. Ендеше, өңірде бұл істің жай-күйі қандай деңгейде?» деген сұрақтарды жауабын іздеген басылым. Бұл туралы толығырақ «Медициналық сақтандыру» атты мақаладан оқи аласыздар.
***
«Экспресс К» басылымының хабарлауынша, осыдан бірнеше жүз жыл бұрын Қазақстанның оңтүстігінде жабайы банан өскен деген дерек бар екен. «Алайда, қысқа төзімді жабайы бананды адам құртты деген дерек бар. Қазір жаһандық жылынуға байланысты, бұл өсімдік мәдениеті қайта жанданып жатыр» деп жазады басылым. Бұл туралы толығырақ «Банан-бақша» деген мақаладан оқи аласыздар.