Ойын кезінде су төгіп алғаны үшін жаттықтырушыға 50 мың доллар айыппұл салынды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - «Бруклин Нетс» баскетбол командасының бас жаттықтырушысы Сэма Киддқа матч кезінде ойын алаңына газдалған су төккені үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды, деп жазады Газета.Ru.

Ойынның аяқталуына 8 секунда қалған кезде жаттықтырушы өз командасының қорғаушысына барып соқтығысып секундомеріне газдалған су төгіп алады, ол осылайша уақытты ұтпақ болған. Алайда бапкердің қорғаушыдан өзін итеріп жіберуін сұраған сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Ойын бәрібір «Нетс» командасының жеңілісімен аяқталды. Ал Кидд болса, суды қолы қатты терлеп кеткендіктен төгіп алғандығын айтып ақталды.