ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен коронавируске қатысты тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.
Еске салсақ, бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.