Ойынқұмарлық ушығып тұр: Бәс тігу мен құмар ойындар бір жылда 8,5 есе көбейген

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде құмар ойындар мен бәс тігу ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 456,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 8,5 есе жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: i.sunhome.ru

Energyprom порталының мәліметінше, құмар ойындар мен бәс тігу ұйымдастыру қызметтерінің көлемі жылжымайтын мүлік операциялары, сәулет, инжерелік ізденістер,техникалық және сараптамалық сынақтар, сонымен қатар компьютерлік бағдарлама жасау және консультациялық қызметтерден кейінгі орында тұр.

Өткен жылдың 9 айында сектордағы қызметтердің басым бөлігі орта компанияларға тиесілі – 276,4 млрд теңге.

Одан кейінгі орында шағын (163,1 млрд теңге) және ірі кәсіпорындар (16,7 млрд теңге) тұр. Ал жеке кәсіпкерлерге тек 9,9 млн теңге ғана тиесілі.

Айта кетерлігі, 2021 жылы қызметтердің ең басым бөлігі шағын компанияларға (38,1 млрд теңге), одан кейін ірі (9,9 млрд теңге) және орта компанияларға (5,8 млрд теңге) тиесілі болған еді.

Фото: i.sunhome.ru