Усть-Илимск қаласының тұрғыны жұбайына ерекше сыйлық жасамақшы болып, сыйлықтар сататын дүкеннан ойыншық граната сатып алады. Сувенир граната. Алайда, граната сатушылар айтқандай, қауіпсіз болмай шықты. "Әйелді дене жарақаттарымен жедел жәрдем қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Граната сынықтарынан қолы зақымданып, көптеген жарақаттар алған", - деп хабарлады Бурятиядағы ІІМ. Әйел ойыншықты сатып алғаннан кейін қарап көрмек оймен көлікке отыра бергенде кенет қолындағы гранатадан от шығып жарылып кетеді. "Жүкқұжаты бойынша аталмыш тауар Ижевск қаласынан әкелінгені белгілі болды. Гранатаға сараптама тағайындалды", - деп түсіндірді ІІМ. Оттың неден, қалай шыққаны әзірге белгісіз. Сарапшылар гранатаның ішіндегі қоспаны анықтауда. Ойыншық қаруға жарылғыш қоспаны кім және не салғаны түсініксіз. Дүкендегілер тауарды «сувенир» деген белгімен алғандарын айтуда. "Қаруды, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе өзімен алып жүру» 222-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды». Тергеу жүргізілуде.
20:04, 03 Наурыз 2014
Ойыншық граната жарылып, әйел зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияда күйеуіне сыйлық ретінде сатып алған сувенир граната әйелдің қолында жарылды, деп хабарлады kp.ru.