Бұл туралы жуналистерге РФ ІІМ баспасөз орталығынан хабарлады.
«Бетін тұмшалаған үш ер адам дүкен ғимаратына кіріп келіп, тапаншалармен екі сатушыны қорқытқан. Артынша дүкендегі зергерлік бұйымдарды алып, іздерін жасырған. Шығын 7,9 млн. рубльді құрады», - деп мәлім етті баспасөз орталығынан. Бұл 28 сәуір күні орын алды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі ойыншық автоматты тәркіледі.
ИТАР-ТАСС-тың дереккөзінің айтуына қарағанда, Бронницкий зергерлік дүкені тоналған.