Өз әкесін өлтіріп, 13 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында өз әкесін өлтірген ер адам 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Іс материалдарына сәйкес отбасы сол күні қоныс тойын тойлауға әзірленіп жатқан. Дастархан басында әкесі мен ұлы қонақтардың көзінше керісіп қалады. Сол мезетте бірнеше рет қол көтерген әкесін ұлы бірнеше жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан әкесі жедел жәрдем келгенше жан тәсілім еткен», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істер бойынша облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ер адамды ҚР ҚК 96 бабының 1 тармағы бойынша айыпты деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар