Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Семей қаласы №2 қалалық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бухгалтері Л.Миляновичке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол 2005 жылғы қаңтар мен 2009 жылғы шілде аралығында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, еңбекақы төлеу жөнінде жалған жинақ ведомстволарын жасаған. Сол арқылы өзінің атына артық еңбекақы аударып, мемлекеттің жалпы сомасы 9,3 млн. теңге мөлшеріндегі қаржысын ұрлаған.
«Семей қаласы №2 сотының үкімімен Л.Милянович ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда қаржы-экономикалық лауазымда болу құқығынан айырылды және мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген ведомство ақпаратында.