Сотта анықталғандай, Е. өзінің әйелі Н-ның Ақтау қаласы, 22 шағын ауданында орналасқан «Эдем» кафесіне жұмыс орнына келеді. Екеуінің араларында келіспеушіліктер туындап, Е. өзімен алып келген пышағын қалтасынан шығарып, жәбірленушінің денесінің әр жерінен бірнеше рет соққы беріп, ішкі ағзаларына зақым келтіріп, дене жарақаттарын салған. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақатынан қансырап, өз-өзіне келе алмай, оқиға болған жерде қаза тапқан.
Сот жоғарыда көрсетілген бап бойынша Е-ні кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Үкім заңды күшіне енді.