«Қазақстанда 2001 жылдан бері көптеген мемлекеттерде қолданылатын Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес, жұмыспен қамтуды іріктеп зерттеу жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанындағы іріктеп зерттеудің қорытындысы негізінде Қазақстанда экономикасында 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылған, сонын ішінде 6,1 млн. адам - жалдамалы жұмыспен қамтылған, 2,6 млн. адам - жалданусыз жұмыспен, яғни өз бетінше жұмыспен қамтылған», - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.
Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санынан 164,1 мың адам - жұмыс берушілер, 11,3 мың адам - кооператив мүшелері, 24,3 мың адам - отбасылық кәсіпорындарда көмекші қызметкерлер ретінде еңбек етуде.
Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер 2405,6 мың адамды құрап отыр: жеке кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған 1501 мың адамның (тіркелгендер - 1270,4 мың адам және тіркелмегендер 230,6 мың адам) және жеке аулада өнім өндіруде (өз тұтынуы үшін, сонымен қатар сату үшін) жұмыспен қамтылған - 904,6 мың адамнан құралған.
Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі ауыл шаруашылығында - 50,6%, бөлшек сауда саласында - 23,7%, құрылыста - 7,7%, көлікте - 7,4%, басқа қызметтер көрсету бойынша - 5,0% шоғырланған.
35-54 жас аралығындағы тұлғалар өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 43,6% құрайды, 15-28 жас аралығындағы жастар - 27,4% қамтып отыр.
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың 18,6% жоғары білімдері бар, орта кәсіптік - 29,4%, негізгі, жалпы, орта - 52 пайызында тіркелді.