Олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмады.
Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлак шыңында екенін хабарлады.
Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлак шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты.
-Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлық олар таудан сәтті түсірілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады, -делінген хабарламада.