Өз дивизионымды тазартып, кейін Головкинмен жұдырықтасу үшін 160 фунтқа көтерілгім келеді - Андраде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде (22-0, 15 КО) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жұдырықтасу үшін жоғары дәрежеге көшуді жоспарлап отырғанын айтты.

Өзге салмақ дәрежесіне көшер алдында Андраде өз дивизионында барлығын тізе бүктіруді көздеп отыр. Оның сөзіне қарағанда, Головкинмен жекпе-жек өткізу оның ұзақ мерзімді  стратегиясына кіреді.

"160 фунтқа көтерілгенде Головкинмен күш сынасқым келеді. Ол сол кезге дейін бокстан кетпесе, тартымды жекпе-жек өтеді деп ойлаймын, - деген Андраденің сөздерін келтіреді Ring TV. 

Андраде соңғы рет 17 қазанда шаршы алаңға шыққан. Америкалық екі раундтың ішінде аргентиналық Дарио Фабиан Пучетаны (20-3, 11 КО) жеңді. Келесі жекпе-жегі маусым айында өтеді.