Өз еркімен берілмеген содырлардың көзі жойылады – ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өз еркімен берілмеген содырлардың көзі жойылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр. Содырлар әлі де қаруларын тастаған жоқ, қылмыстарын жалғастыруда немесе соған дайындық жүргізуде. Олармен соңына дейін күресу керек. Берілмегендерді жоямыз. Болашақта басымыздан өткерген қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек. Бұның әлеуметтік-экономикалық ауыртпалығы да бар. Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде.