Кітапханашы Нұрзат Әлжанова №20 мектептің жетінші сынып оқушыларына көшпенді халықтың баспанасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді және оның құрылысымен таныстырды.
Содан кейін балалар көшпенділердің ежелгі өнертабыстарының бірін құрастыруға қатысты. «Киіз үй» этноконструкторының көмегімен оқушылар туған өлкенің тарихымен танысты.
Айта кету керек, осыдан бірнеше жыл бұрын киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық және мәдени мұралары тізіміне енгізілген болатын. Киіз бен иірімді тал шыбығынан жасалған баспананың осы түрінің, сәулетінің қайталанбастығы бүгінде әрбір қазақ үшін Отанның және халықтың ежелгі мәдениетінің нышанына айналды.