Өз қызметін талапқа сай атқара алмайтын облыстық соттардың судьяларын анықтап, тиісті шара қолдану керек

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - «Өз қызметін талапқа сай атқара алмайтын облыстық соттардың судьяларын анықтап, тиісті шара қолдану керек»,- деді бүгін Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров.

Бұл туралы ол бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына байланысты жергілікті және өзге де сот өкілдерімен болған селекторлық мәжілісте айтты.

Ол келтірген деректерге қарағанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыстық соттардың, аппеляциялық жолмен қаралған

24 ісі негізсіз деп табылды. Бұл судьялардың жұмысындағы үлкен кемшілік. «Азаматтық істер бойынша, 124 сот актісінің күші жойылып, кассациялық жолмен қаралған істердің 132 актісі жарамсыз болып шықты. Сондықтан бұл жағдайды мұқият зерттеп, өз ісінде кемшілік жіберген судьяларды анықтап, олардың өз қызметіне қаншалықты сай екендіктерін білу керек»,-деді Б.Бекназаров.