Өз-өзіне қол жұмсаған азамат мәйітханада оянды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлері сәрсенбі күні, 8 қаңтарда инсектицид арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған кениялық көз жұмды деген қорытынды шығарған еді. Алайда келесі күні ол мәйітханада есін жиды. Оқиға Найваша қаласында орын алды, деп хабарлады BBC News.

Бүгінде Пол Мутора есімді азамат өз-өзіне келу үшін ауруханада жатыр. Билік өкілдері аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Ал өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам өз қателігін мойындап, әкесінен кешірім сұрады.

Кениялықтың бұл әрекетке баруына қандай себеп болғаны белгісіз. Оның өлімі туралы естіген туыстары мәйітханаға келіп бауырын көргеннен кейін жерлеу рәсіміне дайындала бастаған. Мұндай жағдайды бастан кешкен ата-анасының әсері қандай болғаны туралы хабарланған жоқ.