«Өз учаскеңді тап!»: Астанада ауқымды челлендж басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада тұрғындарға сайлау учаскесінің мекенжайын алдын ала білуге көмектесетін «Өз учаскеңді тап!» атты ауқымды челлендж басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Фото: ОСК

Акция #ӨзУчаскеңдіТап бірыңғай хэштегімен өтеді. Челленджге елорда тұрғындары, оның ішінде қала жастары да белсенді түрде қатысып жатыр.

Қатысушылар Instagram мен TikTok әлеуметтік желілерінде бейнероликтер жариялап, сайлау учаскесін табудың ыңғайлы жолдары туралы айтады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы біле алады:

• sailau.astana.kz сайты арқылы;
• @sailau_astana_bot Telegram-боты арқылы;
• iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы.

Сайлаушылар тізімге тіркелген мекенжайы бойынша енгізіледі.

Айта кетейік, челленджге кез келген адам қатыса алады. Ол үшін өз сайлау учаскеңізді тауып, қысқа бейнеролик түсіріп, оны #ӨзУчаскеңдіТап хэштегімен әлеуметтік желіге жариялау қажет.

Бұған дейін сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болатынын анықтап көрдік.