«Ақылға қонымды, рационалды, тіпті дана дипломатия дәуірі орнауда. Қос тарап үшін де қолайлы бейбіт келіссөздердің негіздерін табу үшін өзара айыптауларды тоқтату керек және іскерлік келіссөздер жүргізу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Германияға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізгенін жазған едік.
Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде айтып берді.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Германияның ірі және орта бизнестері арасында маңызды коммерциялық келісімдер бекітілді.