деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазіргі таңда Орталық Азиядағы есірткілерді бақылау саласындағы және қылмысқа қарсы әрекеттерде UNODC жобалар қоржыны ірі жобалардың бірі болып отыр. Оның көлемі 78 миллион АҚШ долларына жетті. Осы уақытқа дейін біз және Өзара түсіністік туралы меморандумға қатысушы мемлекеттерде есірткілерді бақылаушы мамандандырылған органдар құруға ықпалдастық жасадық. Қазір оны өзге елдер де өздерінің ұлттық ведомстволары үшін есірткілерді бақылау саласындағы үйлестіруші қызметте үлгі немесе мысал ретінде қарастыруда", дейді Фрэнсис Мартенс. Оның айтуынша, қазір есірткі тұтыну Орталық Азияда дабыл қақтырар ауқымда. Мәселен, 2008 жылы 93 мыңнан астам есірткі тұтынушы диспансерлік есепке алынды. 2000 жылы ол 67 мың адамды құраған болатын. UNODC бағалауы бойынша, аймақтағы есірткі тұтынушылардың саны диспансерде есепте тұрғандардан 4 есе көп. Жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің құқық қорғау органдары былтыр айналымнан 5,3 тонна героин және 4,5 тонна апиын алды. Бұл деректер аймақтағы атқарылар жұмыс әлі де жеткілікті екенін көрсетеді.