«Қазақстан Республикасының Президенті аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға еліміздің осындай қайғылы кезінде жылы сөздері мен қолдау білдірген сөздері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сондай-ақ таңертеңнен бастап елшілікке келіп гүл шоқтарын қойып, бауырлас өзбек халқына көңіл айтқан Қазақстан тұрғындарына ерекше алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер», - деді Икром Назаров.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов бақилық болды. Қазір сол елде үш күндік қаралы күн жарияланған.