- Қажетті жағдай жасау, салаларды технологиялық ілгерілеу моделіне көшіру арқылы биыл ішкі жалпы өнімнің көлемін - 167 млрд доллар, ал 2030 жылға дейін оны 240 млрд доллардан асыру қажет. Жылдық экономикалық өсімді 6,6%-ға дейін жеткізу, инфляция деңгейін 6%-ға дейін төмендету және бюджет тапшылығының ішкі жалпы өнімдегі үлесін 3% деңгейінде сақтау шаралары қабылдансын, - делінген Жарлықта.
Сондай-ақ, ел үкіметінің алдына 1 млн азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, 263 мың отбасын кедейліктен шегінен шығару міндеті қойылып отыр. Бұған қоса, Министрлер кабинеті экономикаға 50 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тарту үшін қажетті жағдай жасауы тиіс.
Еске салсақ, былтыр Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 145 млрд доллардан асты.
Мұнымен бірге, 2025 жылдың 9 айында Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызы 11,3 млрд долларға көбейіп, оның жалпы сомасы 75 млрд доллардан асты.