Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен кеңестен кейін O'zbekiston 24 телеарнасына сұхбат берген Экономика және қаржы министрінің бірінші орынбасары Илхом Норкулов экономикалық дамудың жаңартылған жоспары туралы баяндады.
Оның сөзінше, алдағы 5 жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 мың долларға теңелуі тиіс. Бұған дейінгі жоспарға сай, 2030 жылға қарай елдің ЖІӨ көлемі 160 млрд долларға жетіп, оның жан басына шаққандағы үлесі 4 мың доллар болуы қажет еді.
«Президент 2030 жылға қарай ЖІӨ көлемін 200 млрд долларға, ал оның жан басына шаққандағы үлесін 5 мың доллардан асырып түсіру міндетін еш қиындықсыз орындауға болатынын атап өтті. Бұл ел экономикасының сан тұрғысынан ғана емес, жалпы сапалы дамитынын білдіреді», - деді Илхом Норкулов.
Оның айтуынша, келер жылы инфляцияны 7% деңгейінде ұстап тұру міндеті қойылған. Ал 2026 жылы 5-6% көлемінде тежеу жоспарланса, 2027 жылдан бастап 5% немесе одан аз мөлшерге төмендету көзделген.
Айта кетейік, түрлі бағалау бойынша былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 100 млрд доллардан асты.
Еске салайық, Өзбекстан алдағы 5 жылда жалпы ішкі өнімді 160 млрд долларға жеткізуді жоспарлаған.
Қоса кетсек, Өзбекстанда көлеңкелі экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 45 пайызға дейін жетеді.