Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. Оның айтуынша, туризм экономиканың болашағы зор салаларының біріне айналып келеді.
2025 жылы елге шамамен 12 миллион шетелдік турист келді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда алты есе көп. Осы кезеңде туризм қызметтері экспорты 11 есе өсіп, 4,8 миллиард долларға жеткен.
Мирзиёев елдің туризм инфрақұрылымын дамытуды және заманауи бағыттарды ашуды көздеп отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, Хиуада халықаралық туристік қалашық, конгресс орталығы және тарихи-этнографиялық саябақ құру жоспарланған.
Самарқантта Жібек жолы мұражайын салу және Қарақалпақстандағы археологиялық орындарға жаңа туристік бағдарларды іске қосу жоспарланып отыр.
Басымдық берілген бағыттардың қатарында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, бірыңғай ұлттық туристік платформа құру, гастрономиялық, экологиялық, қажылық, медициналық, шытырман оқиғалы, іскерлік, этникалық туризмді, сондай-ақ тау және ауыл туризмін дамыту бар.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев «Өзбекстан Республикасының туризм саласындағы еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын белгілеуді ұсынды.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазақстанға Өзбекстаннан 5 млн турист келгенін хабарлаған едік.
Өзбекстанның туристік орталығында самокат тебуге шектеу қойылады.