Өзбекстан 5 мыңнан астам азаматын Украинадан эвакуациялады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан он күннің ішінде 5 мыңнан астам отандасын Украинадан эвакуациялады. Бұл туралы Өзбекстан СІМ ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«28 ақпаннан 9 наурызға дейінгі аралықта Uzbekistan Airways 22 әуе рейсі Польша арқылы Украинадағы әскери қақтығыс болып жатқан аймақтан 5037 Өзбекстан азаматын эвакуациялады», - деді дипломат.

Оның айтуынша, Украинаның әртүрлі бөлігіндегі азаматтарды шығару жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Молдова арқылы өзбекстандықтарды эвакуациялау мәселесі қаралып жатыр.

«Украинадағы біздің елдің елшілігі Сума қаласынан 23 өзбекстандық студентті халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмегімен эвакуациялады. Олар дипмиссия жалға алған автобуспен Львов қаласына кетіп бара жатыр», - деп атап өтті СІМ өкілі.