Өзбекстан ардагерлері қазақстандық интернационалист-жауынгерлерді құттықтады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкент Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының сарбаздары үшін үйге апарар жол болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған «Парыз, Ар-намыс, Естелік» шарасын ұйымдастырушылардың бірі, Өзбекстанның «Ардагер» бірлестігінің мүшесі Сұлтанбек Хакімов.

«Бүгін Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан шекарасынан асқанына 33 жыл толып отыр. Шайқастар аяқталады, ал тарих – мәңгі. Ауған соғысы да тарих болып қалды. Дегенмен адамдар оны ұмытпақ емес, себебі оның тарихы сарбаздар қанымен, аналардың көз жасымен жазылған», - деді ардагер.

Ол интернационалист жауынгерлердің «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» дегенді басқаларына қарағанда, жақсы түсінетінін айтып өтті. Олар соғыста қаза тапқан достарын ешқашан ұмытпайды, қазіргі кезде ТМД және алыс елдерде тұратын жауынгер достарымен хабарласып отырады. «Біздің ұлтымыз жоқ, абыроймен интернационалдық парызымызды орындадық. Ташкент бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының жауынгерлері үшін үйге апарар жол болды. Менің жанымда қазақстандықтар көп болды: Смағұлов Сайлау, Долбағаев Берік, Тоқбосынов Ермек және тағы басқалары. Достарым, сендермен мақтанамын, сендермен бірге қызмет еткеніме қуанамын. Бауырларым, барлығыңызды бүгінгі айтулы күнмен құттықтаймын, бейбітшілік, жақсылық, ашық аспан тілеймін. Барлық қаза болғандар иманды болсын», - деп құттықтады қазақстандық интернационалист-жауынгерлержі Сұлтанбек Хакімов.

Шара аясында «Табандылық одасы» ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Одан кейін сарбаздарға арнап концерт қойылып, онда әскери әндерді шырқалды, артынша әскери дастархан жайылды.