Өзбекстан армиясы есірткіге тосқауыл қоймақ: Жаңа тексеріс талабы

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстанда әскерге шақырылатын азаматтар мен келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасқысы келетіндер есірткі қолданған-қолданбағаны бойынша тексеруден өтеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Фото: podrobno.uz

Бұл тәртіпті Әділет министрлігі ресми түрде тіркеді.

Медициналық тексеру екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде экспресс-тест өткізіледі. Тест нәтижесі оң болған жағдайда, алынған үлгі қосымша зертханалық зерттеуге жіберіледі. Есірткіні анықтау сынамасының нәтижесі оң болған немесе үлгі беруден бас тартқан азаматтар әскери-дәрігерлік куәландырудан өтуге жіберілмейді.

Жеке деректер мен зерттеу нәтижелері құпия сақталады.

Бұған дейін Өзбекстан экстремизм туралы заңды жеңілдетіп, интернеттегі бақылауды күшейткені хабарланған болатын.

Ақзат Жиеналина