ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан кезекті рет Ауғанстанға 169 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Сұрхандария облысының әкімдігі
Гуманитарлық жүкке Сұрхандария облысының хокимі Улугбек Косимов жетекшілік етіп барып, оны Балх провинциясында Ауғанстан тарапына табыстады.
Фото: Сұрхандария облысының әкімдігі
Гуманитарлық көмектің ішінде 48 тонна ұн, 48 тонна бидай, 15 мың литр өсімдік майы, 10 мың дана ет консервісі, 24 тонна қант пен 22 тонна макарон өнімдері және 100 мың дана тез әзірленетін лағман пакеттері бар.
Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберілген еді.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.