Өзбекстан аумағындағы жер сілкінісі Сарыағаш, Шымкент, Тараз қалаларында сезілді
10:24, 25 Мамыр 2013
АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 25 мамырында «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар жүйесі алматы уақыты бойынша 04 сағат 18 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 660 шақырым жерде Өзбекстан аумағында орналасты. Жер асты дүмпуі Сарыағашта 3-4 балл, Шымкентте 3 балл және Таразда 2-3 балл қуатымен сезілді. Жер сілкінісінің энергетикалық дәрежесі - 13.0. Магнитудасы - MPV 5.8.