34 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы мен 32 жастағы Алматы тұрғыны біріге отырып, Алматыдағы «ВАЗ», «Лада» маркалі көліктерді ұрлаумен айналысып келген.
Бүгінде полицияға көлігінен айрылған 8 адам шағымданып үлгерген. Тергеушілер аталған қылмыстарға өзбекстандық азамат пен Алматы тұрғынының қатысы барын анықтады.
4 машина Шымкент қаласында, ОҚО-дан, 1 көлік Алматы облысынан табылды. Және бір көлік Астанаға жеткізілгені анықталды.
Қазір 6 машина да заттық айғақ ретінде тәркіленді. Тергеушілер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Фото: vestipmr.info