Шекарадағы кедендік бақылауды айналып өткен контрабандашының жеке тұлғасы әлі анықталмады. Ол 100 бас қойды ОҚО-ның Мақтаарал ауданының тұрғынына 1 миллион теңгеге сатқан. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде (КБД) мәміленің сатып алушы үшін аса тиімді болғанын айтты. ОҚО бойынша КБД баспасөз қызметі: «Сот сараптамасы институты жүргізген сот-тауар сараптамасының қорытындысына сәйкес, 100 бас қойдың бағасы 2 миллион 500 мың теңгеге бағаланды», - деп мәлімдеді.
Аталмыш жайт бойынша КБД-ның Контрабандаға қарсы күрес бойынша басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалы, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.