Өзбекстан азаматы өзінің аяғын өзі атып, қаза тапты - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында Өзбекстан азаматы өз аяғын өзі атып, қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігінде нақтылағандай, қайғылы оқиға жексенбі күні Райымбек ауданының «Тұлпар» шалғай учаскесінде орын алды. 24 жасар ер азамат 16-калибрлі «ИЖ-18Е» мылтығынан байқаусызда аяғын жаралап алып, ауруханада көз жұмды.