Өзбекстан Бас прокуратурасы Ауғанстан әуе күштері ұшағының апатқа ұшырау себептерін атады

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Ауғанстан әуе күштеріне тиесілі ұшақтың Өзбекстан аумағында апатқа ұшырауының себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, Ауғанстаннан 22 әскери ұшақ пен 24 әскери тікұшақ 14-15 тамыз аралығында Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олардың барлығы Термез қаласының әуежайына қондырылды. Бортта 585 ауған сарбазы болған. «Сонымен бірге, 15 тамызда EMBRAYER-314 әскери үш ұшағы Қаршыдағы Ханабад әуежайына қонуға рұқсат сұрады. Ұшақтар Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің МиГ-29 екі әскери ұшағының сүйемелдеуімен Термез әуежайына бағытталды. Алайда, бақылау кезінде EMBRAYER-314 пен МиГ-29 ұшағы соқтығысып, Сурхандария облысының Шерабад ауданында құлады. Бұл ұшақтардың ұшқыштары парашютпен қонды», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталмыш ведомоство осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде Ауғанстан Әскери -әуе күштерінің ұшағы Өзбекстан аумағында құлады деп болжанған жерден фотосуреттер мен бейнематериалдар таратылды. Кейіннен Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оқиғаның себептерін жарияламай, Ауғанстан әуе күштері ұшағының апатқа ұшырау оқиғасын растады.