Өзбекстан бірінші жартыжылдықта Достастық елдерінің арасында өнеркәсіптік өсу бойынша көш бастады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ТМД елдерінің арасында өнеркәсіптік өндірістің ең үлкен өсу көрсеткіші Өзбекстанда - 9,1 пайыз және Әзірбайжанда - 1 пайыз тіркеліп отыр.

ҚазАқпарат тілшісіне   ТМД Мемлекетаралық  статистикалық   комитетінен  хабарлағанындай,      өнеркәсіптік  өндірістің ең   төмен құлдырауы -  Украинада (31,1 пайыз),   Молдовада (24,9 пайыз) және   Қырғызстанда (18,9 пайыз) тіркелді.

Ресей      өнеркәсіптік  құлдырау  қарқыны бойынша 14,8 пайыз көрсеткішпен  төртінші  орында  тұр.   Ал Тәжікстанда  - 13,3 пайыз,   Арменияда - 11,5   пайыз, Беларуста - 3,6 пайыз,  Қазақстанда - 2,7 пайыз  төмендеу    байқалады.