деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Үкіметаралық комиссияның бұл мәжілісі Елбасының Өзбекстанға сапары қарсаңында өтіп отыр. Қазір бұл сапардың уақыты шамаланды. Сондықтан бұл жиын осы сапарда қаралатын мәселелерді әзірлеуге арналған. Мұнда ең алдымен екі тараптан қол қоюға әзірленген құжаттар мен сапардың мазмұнды бөлігі дайындалады", дейді Өмірзақ Шөкеев. Премьер-Министрдің 1-ші орынбасарының айтуынша, Қазақстан Өзбекстанды Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес санайды. Сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасына үлкен мән береді. Екі елдің арасында бұған дейін де бірқатар құжаттарға қол қойылған болатын. Бүгінгі комиссияда олардың орындалу барысы қаралып, сауда-экономикалық, гуманитарлық, білім беру мен мәдениет салаларындағы өзара қарым-қатынасты тереңдететін жаңа келісімдер белгіленді.