«2018 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиямды аяқтайтынымды хабарлаймын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы миссиям кезінде маған қолдау көрсетіп, ынтымақтастық жасап, достық ниет танытқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді», - делінген елшінің хатында.
Икром Назаров «екі ел арасындағы орнаған достық қарым-қатынастың халық игілігі үшін ары қарай дами беретініне» сенімді екендігін жеткізді.
Еске сала кетсек, Икром Назаров 2016 жылдың қаңтарында Қазақстандағы Өзбекстан елшісі болып тағайындалған еді.