«Менің әріптесім (Өзбекстанның сыртқы істер министрі - автор) кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасауға қатысты талқылау жұмыстарын бастауға ұсыныс тастады», - деді Брюсселде өткен «Өзбекстан-ЕО» ынтымақтастық кеңесінің 13-ші отырысында Эстонияның Сыртқы істер министрі Свен Миксер.
Өз кезегінде сөз алған Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ташкент Еуропалық одақпен ынтымақтастықтың базалық келісімін жаңартуға ниетті екендігін атап айтты.
ФОТО: gazeta.uz