Препарат салтанатты түрде таныстырылды. Оған Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Биоорганикалық химия институтының директоры, академик Шавкат Салихов, Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық салауат агенттігі директорының орынбасары Бахром Алматов, Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры Сардор Кариев, Инновациялық даму министрінің орынбасары Олимжон Туйчиев, қытай-өзбек медициналық технопаркінің директоры Шарофиддин Мирзаахмедов қатысты.
Қытай ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Биоорганикалық химия институтының ғалымдары әзірлеген «Рутан» тұмауға қарсы препараты SARS CoV-2 типті тұмау вирусының әсерін 78,3 пайызға азайтатыны анықталды. Осының негізінде аталған препарат GMP талаптарына сәйкес Қытай-өзбек медициналық технопаркінде дайын дәрілік зат ретінде өндірілді. «Рутанның» 11 мың қаптамасы коронавируспен күресте гуманитарлық көмек ретінде Иранға жіберілді.
Инновациялық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істейтін Қытай-өзбек медициналық технопаркіне 20 миллион доллар көлемінде инвестиция салынды, 300 жұмыс орны ашылды. Технопарктің ерекшелігі - шығыс медицинасының дәстүрлі емдеу әдістері мен батыс медицинасының озық жетістіктерінің қатар қолданылуында.
Бүгінде технопаркте дәрілік препараттардың 8 түрін өндіретін фармацевтикалық зауыт жұмыс істейді. Зауыт GMP талаптарына және басқа халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді.
GMP (Good Manufacturing Practice – тиісті өндірістік тәжірибе) – дәрілік препараттарды, биологиялық белсенді қоспаларды және кейбір тамақ өнімдерін өндіруге қойылатын талаптарды анықтайтын халықаралық стандарт.