Маусымның 30-ы, сәрсенбі күні, Әндіжан облысындағы өзбек-қырғыз шекарасындағы «Дустлик» өткізу бекеті арқылы Қырғызстанға жалпы салмағы 200 тоннадай, құны 2,4 миллион АҚШ доллары болатын гуманитарлық көмек жіберілді.
Әндіжан облысының хокімиятының штабынан хабарлағандай, босқындар орналасқан аймақтарға шетелден жалпы құны 3 926,6 мың АҚШ доллары болатын гуманитарлық көмек келіп түсті.
Атап өтетін жәйт, Әндіжан облысының аумағында ҚР-ның оңтүстігінде орын алған тәртіпсіздіктерден зардап шеккен Қырғызстан азаматтары үшін ұйымдастырылған 30-дан астам босқындар лагері орналасқан.