Өзбекстан халқының саны 30 млн. адамға жуықтады

ТАШКЕНТ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан халқының саны шамамен 30 млн. адамды құрады, деп хабарлады ӨР мемлекеттік статистика комитеті.

Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша, Өзбекстан Республикасы халқының саны 2012 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 29 млн. 559,1 мың адамды құрады. Сөйтіп, 2011 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 435,7 мың  адамға артты.

2011 жылы туғандардың саны 626,9 мың адамды (туу көрсеткішінің коэффиценті 21,4 пайыз) құрады, қайтыс болғандардың саны 144,6 мың адамды (өлім көрсеткішінің коэффицеті 4,9 пайыз) құрады. 2010 жылы туу көрсеткіштерінің коэффиценті 22,4, ал өлім көрсеткіші 4, 9 пайызды құрады.

Қалада республика халқының 51 пайызы (15 млн. 69,6 мың адам), ал ауылдық жерлерде 49 пайызы (14 млн. 489,5 мың адам) тұрады.