Өзбекстан интернет жылдамдығы рейтингінде бір сатыға төмендеді
19:52, 20 Маусым 2024
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан SpeedTest Global Index мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде бір позицияға төмендеп, 89-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Рейтингіні қалыптастырушылардың дерегінше, Өзбекстандағы орташа интернет жылдамдығы 29,50 Мбит/с.
SpeedTest Global Index рейтингіне сай, ТМД елдері арасындағы ең жылдам интернет – Қазақстанда (64-орын). Одан кейін Қырғызстан (74-орын) тұр, ал Ресей – 105, Тәжікстан болса 143-орынға сырғыды.
Қоса кетсек, таяуда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Жаслан Мәдиев Токиодан ілгері тұрған Астанадағы интернет сапасына өзінің бағасын берген еді.