«Өзбекстанның біздің алдымызда шынымен де қарызы бар. 2011 жылдың соңынан бастап біз бен өзбекстандық электр жүйесінің арасында жоспардан тыс электр энергиясын сатып алу туралы келісім шарт жасалған. Осы уақыт аралығында біз оларға 140 млн. доллар көлеміндегі электр энергиясы жіберілді, олар оның 70 млн. долларын өтеді», - деп атап өтті ол.
Б. Қажиевтің айтуынша, өзбек тарапына қарыздың қалған бөлігін, яғни 68-69 млн. долларды төлеу қажет.
«Біз бұл қарыз бойынша халықаралық арбитраждық сотқа жүгінген болатынбыз. Сотта біз жеңіп шықтық. Қазір сол қарыздарды жабу процесі жүріп жатыр», - деді басқарма төрағасы.