Өзбекстан Қазақстанға қатынайтын автобустар рейсін 2 есеге арттырады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Көлік және жолаушылар тасымалы бағындағы мәселелер талқыланған кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жауапты органдарға бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, осы елден Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға қатынайтын автобус рейсінің санын 2 есе арттыру тапсырылды.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев келер жылы әуе және теміржол тасымалының көлемін 20 пайызға көтеру қажет екенін атап өтті. Яғни, Өзбекстан 3 халықаралық маршрутты іске қосып, кем дегенде 7 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.