Өзбекстан Қырғызстан көмір экспортының 97 пайыздан астамын сатып алды

Фото: Фото: Upl.uz

ТАШКЕНТ. Kazinform — Өзбекстан 2025 жылдың басынан бері Қырғызстаннан көмір импортын 52,4%-ға арттырды, деп хабарлайды Upl.uz сайты Қырғызстанның Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Қаңтар-ақпан айларында Өзбекстан Қырғызстаннан 186,8 мың тонна көмір сатып алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай көп. Сома бойынша импорт көлемі 12,4 млн долларға (+12,6%) жетті.

Өзбекстан жалпы экспорттың 97 пайыздан астамын сатып алып, Қырғызстанның негізгі көмір сатып алушыларының біріне айналды.

Дегенмен, көмірдің барлық түріне сұраныс бірдей емес: лигнит (қоңыр көмір) импорты екі есе азайып, 51,3 мың тоннадан аспады. Осылайша, Өзбекстан өнеркәсіптік және энергетикалық қажеттіліктер үшін тиімдірек көмірге назар аударып отыр.

2024 жылдың қарашасында Қырғызстан ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге көмірді автомобильмен экспорттауды шектеді. Алайда Өзбекстанмен сауда қатынасы теміржол арқылы болғандықтан, жеткізілім тұрақты болды.

Сонымен бірге Өзбекстан 2030 жылға қарай отандық көмір өндіруді 20 пайызға арттыруды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, Қырғызстан Өзбекстанмен байланыстыратын жаңа жолдар салуды жоспарлап отыр.