ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша алапат селден зардап шеккен Қырғызстанның Ош және Баткен аудандарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo агенттігінің мәліметінше, жүк Баткен облысындағы Қызылқия шекара бекетіне жеткізіліп, Ноокат ауданының әкімшілігіне табысталды.
Гуманитарлық көмекті жеткізген өзбекстандық делагация мүшелері сел салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде қырғыз тарапы Өзбекстан президентіне және өзбек халқына гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.