Өзбекстан командасы қаралы күнге байланысты Көшпенділер ойынының ашылу рәсіміне қатыспады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан командасы қаралы күнге байланысты Қырғызстандағы Көшпенділер ойынының ашылу рәсіміне қатыспады.

Шарада  тек Өзбекстан елінің туын ғана алып өтті.

РИА Новости хабарлағанадай, Өзбекстан командасы Көшпенділер ойынына қатысады, алайда қаралы күнге байланысты  ашылу рәсіміне қатыспайды.

Айта кетейік, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов жұма күні көз жұмып, сенбі күні Самарқандқа жерленген болатын. Өзбекстанда үш күндік қаралы күн жарияланды.