Өзбекстан көрші елдермен шекараны жауып тастады
19:52, 15 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан билігі елге Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қазақстан - төрт мемлекеттен азаматтар мен көліктің өтуін уақытша шектеу шешімін қабылдады.
Шектеу 25 маусымға дейін әрекет етеді. Бұл туралы өзбекстандық мемлекеттік шекара қызметі хабарлады, деп жазады Би-би-си.
Тыйым 15 маусымнан бастап күшіне енді. Шектеу Ош облысы Барақ Қара-Сууй ауданының (Қырғызстан) тұрғындарына қолданылмайды.
Тыйым себептері жайлы әзірге ештеңе айтылмайды.
Бұл Ташкентте 23-24 маусым күндері өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты болуы мүмкін.