Өзбекстан құрамасы «Еуразия Барысы» турнирінің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде Өзбекстан құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбек балуандары жартылай финалда Жапония балуандарын 6:2 есебімен ұтып, үздік үштіктен көрінді.

Өзбекстан құрамасы алғашқы іріктеу сынында Камерун балуандарын 7:1 есебімен қапы қалдырып, ширек финалда Бразилия балуандарын 8:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Міне, жартылай финалда Жапония құрамасын жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Енді, «Қазақстан 1» құрамасы мен Алматы облысынан құралған «Қазақстан 2» командалары финалда бас жүлдені сарапқа салады.