Өзбекстан Қырғызстаннан келген босқындарды қабылдауды жалғастыруда

НДІЖАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қырғызстанмен шекарада Өзбекстан осы елден босқындарды қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлады біздің тілшіміз оқиға орнынан.

Ресми мәліметтер бойынша, Өзбекстан аумағына 60 мыңға тарта босқын өткізілді.

Әндіжан облысының қырғыз-өзбек шекарасында өткізу бекеттері ұйымдастырылды, ауылдар мен аудан орталықтарында босқындар үшін үлкен лагерь қалашығы тігілді. Мұндай лагерьлер лицейлердің, мектептердің, балабақшалардың ғимараттарында басқа да жерлерде шатырлы қалашық түрінде ашылған.

Босқындарға өмір сүруі мен тамақтануына жағдайлар жасалған. Лагерьлерде медицина қызметкерлері бар, олар денсаулықтарын тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетуде.

Қырғызстан аумағы жағынан өткізу бекеттерінде көптеген босқындар Өзбекстанға өту үшін кезектерін күтуде.

Шекара арқылы негізінен әйелдерді, балаларды және жараланған ер адамдарды өткізуде, дені сау ер адамдар мен жас жігіттер Қырғызстан аумағында Өзбекстанмен шекараға таяу жерде босқындарды күзетуде.

Әндіжан облысына жағдаймен танысу үшін Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзиеев, сондай-ақ елдің қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің басшылары келді.

Түстен кейін босқындар лагерьлеріне ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігінің өкілдері келмек.