Өзбекстан мен АҚШ әскери саладағы байланыстарын жолға қоймақшы

ТАШКЕНТ. Тамыздың 21-1. ҚазАқпарат - Өзбекстан мен АҚШ әскери саладағы байланыстарының бағдарламасы туралы келісімге қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа Өзбекстан президенті Ислам Каримов қабылдаған АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петреус Ташкентке жасаған сапары кезінде қол қойды.

Петреустың Ташкентке мұның алдындағы ақпандағы сапарынан кейін Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстанға американдық әскери емес жүктерді жеткізу жүзеге асырыла бастады.