Өзбекстандағы әлеуметтік желілерде 4 мамырға қараған түні өзбек-ауған шекарасында атыс болып, салдарынан Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерінде қызмет ететін әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған.
«Таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Шекарадағы жағдай тыныш, оңтүстік штаттық режимде күзетіліп жатыр. Ауғанстан Уақытша үкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахед те интернеттегі түрлі жарияланымдарды жоққа шығарып, оның жалған екенін айтты», - деді ведомстводан.
Мадибек Джанибеков
Фото: uzdaily.uz